bannerbannerbanner
полная версияБақытты болудың жедел және қарапайым жолы

Нарша Булгакбаев
Бақытты болудың жедел және қарапайым жолы

Алдыға қарай жылжымас бұрын қайда екеніңіз туралы шындықты айтуыңыз керек. Егер сіз қиналсаңыз, мойындаңыз. Егер бірдеңе ұнамаса, мойындаңыз. Мойындау – бұл қоғамның негізгі фундаменті. Мысалы: Анонимді маскүнемдер, нашақорлар. Сіз маскүнемдіктен немесе нашақорлықтан айықпас бұрын маскүнем не нашақор екендігіңізбен келісуіңіз керек. Сондықтан қазір қайда екеніңізді қараңыз, содан кейін қайда барғыңыз келетінін шешіңіз. Сіздің ойыңыз жаңа мүмкіндіктерге ашық болсын.

Сіз шынында нені қалайсыз?

Есіңізде болсын: сіз абсолютті күшсіз және сіз қалаған нәрсенің барлығын жасай аласыз. Сізді не «іске қосатыны» туралы ойланыңыз. Сізде соңғы рет қашан шынайы бір іске деген өте катты құлшыныс (азарт) болды? Сізде қашан соңғы рет бір нәрсеге энтузиазм (ынта) пайда болып, соған қызықтыңыз немесе сіз қашан соңғы рет өз миыңызды қозғадыңыз? Ал осыдан он күн бұрын сіз не істегеніңіз есіңізде ме? Егер сіз бұл сұрақтарға ерінбей, адал жауап бере алатын болсаңыз, онда сіз өзіңіздің шынымен де не қалайтыныңызды біле аласыз деген сөз. Егер жауабыңызда, сіз ешқандай алға қарай талпыныс сезінбесеңіз, егер сіз өзіңізге қарсы жұмыс жасасаңыз немесе өзіңізді әлі толық танымасаңыз, онда сіз бұл туралы ойлануыңыз керек. Өзіңді «Бақылаудан» кейінгі ең тиімді тәсіл өзіңіздің шынында нені қалайтыныңыз жайлы «Ойлану». Бұл жерде адамдар көп қателік жібереді, олардың қалаулары Құдайдың қалауымен, Орта қалауымен сәйкес келмей жатады. Сондықтан да осы үш қалаудың арасында үйлесім (баланс) орнату өте маңызды.

Таңдау еркі адамның тек өзінде ғана болғандықтан, сіз жалпы уақытты қалай өткізесіз? Сізді қызықтыратын қандай да бір сала немесе мамандық бар ма? Сіз сол бір саланы немесе мамандықты қандай да бір себеппен (мотив) айналыссаңыз, сіз шынымен нені қалайтыныңызды түсінгеніңіздің дәлелі. Екінші жағынан, егер сіз бос уақытыңызда тек ұйықтап, тамақ ішіп, той тойлап, билеп… немесе теледидар, смартфон, планшет, ноутбук, компьютер арқылы пайдасыз ақпараттарды қарап отырсаңыз, бұл сізге өзіңіз шынында қалаған нәрсені сезінуге мүмкіндік бермегеніңіздің дәлелі.

Егер сіз барлық практикалық (әрекетке сүйенген) ойлардан босатылған болсаңыз – мысалы егер сіз, бай әкеңізден миллион доллар мұраға алсаңыз және егер сізге барлық мүмкіндіктер есіктері ашық болса, сіз бірінші кезекте не істер едіңіз? Осыдан кейін не істер едіңіз? Егер бұл орын алса, сіз өз өміріңізбен жалпы не істер едіңіз? Мұндай сұрақ күлкілі болып көрінуі мүмкін, бірақ бұның барлығы сіздің қиялыңызды оятуға көмектеседі. Мүмкін сіз бұрыннан бері өз арман-мақсаттарыңыз жайлы қиялдап жүрген шығарсыз? Осы қиялдардың барлығына қараңыз және таңдау жасап, шешім қабылдаңыз. Сіз өз арман-мақсаттарыңыз жайлы ойлап, қиядаған кезде ғана олармен бірге боласыз, қалған уақытта олар сізді тастап кетеді. Сондықтан өз таңдауыңызды жасаңыз, нақты шешім қабылдаңыз. Ойыңызбен қалаған нәрсені қиял арқылы жасай бастаңыз. Бүкіл тәжірибе, әрекет, қозғалысқа толы өмірді алдымен ойыңызда өмір сүріңіз. Тек қуанышты сезініңіз, бақытты болыңыз және қалауыңыз дәл сіз қалағандай болып жатқанын елестетіңіз. Бақыт пен жетістік ең әуелі қиял әлемінен басталады және барлық тарихта қалған ұлы тұлғалар осыны нақты білген. Қиял бұл өмірдің яғни шығармашылықтың алтын кілті.

Іс-әрекет «жоспарын» әзірлеңіз

Көбіміз бақытты БОЛ – уға тырысамыз, бірақ бақытты болуды үйренгіміз келмейді, себебі әркім, «бақытты болу» деген абстрактілі ұғымды, әртүрлі түсінеді. Түсініксіз сөзді анық және нақты түсіну мүмкін емес, себебі ол әртүрлі мағына береді. Денсаулық, байлық, жақын адамдарың, немесе «жан құмары» – ЖОҚ нәрсеге қол жеткізу. Сіз үшін бақытты БОЛ – у деген сөз не мағынаны білдіреді? Жай ғана өмірде болу ма, әлде одан да артығы ма? Өмірде, қазіргі кезде ЖОҚ нәрсені АЛУ үшін, біз өзімізде не БАР екенін біліп, оған дұрыс баға беру керектігі жайлы айттық және де мақсат қою бәрінің қолынан келеді деп те айттық. Мақсат қою – бұл тек таңдау жасау ғана, ол әркімнің қолынан келеді, бірақ дұрыс мақсат қою – таңдау жасаудан шешім қабылдауға көшу. Яғни бұл анық және нақты қайда барғыңыз, қайда жеткіңіз келетінін білу. Басқаша айтқанда, егер сіз қайда барғыңыз келетінін білмесеңіз, сіз басқа жерге жетесіз. Егер біз қол жеткізе алатын нәрсеге қол жеткізе алмасақ, бұл біздің мақсаттарымыздың нақты және анық болмағандығынан. Өз сценарийімізді жазу – бұл әрекет етудің нақты, тиімді жоспарын жасауды білдіреді. Кез-келген келген бастамадағы сәттілік сіздің «іс-қимыл жоспарыңызға» байланысты болады.

Өзіңіздің өміріңізге атау беріңіз, дәл фильмдегідей, көп адамдар оны «Тағдыр» деп атайды. Сіз өз өміріңізге қандай атау бересіз? Өзіңізді, өз өміріңіздің сценаристі ретінде қабылдаңыз. Жеке өмірлік сценарий жазу – фильмге сценарий жазу сияқты, бұл дегеніміз ең алдымен сіздің жоспарларыңыз жазбаша түрде көрсетілуі керек дегенді білдіреді. Жазудың кинетикалық (қозғалыссыз) әрекеті сіздің санаңыздың бейсаналық бөлігіне үлкен әсер қалдырады. Сіздің жазбаша жоспарыңыз сізге кедергілерді, алаңдаушылықты және тәртіпсіздікті жоюға, қиын сәтте өз-өзіңізге көмектесуге, тәуекел мен батылдықты, сенімділікті арттыруға септігін тигізеді. Ол сондай -ақ ілгерілеудің, алға жылжудың, биікке самғаудың өлшемі болады. Сіз қаншалықты алысқа жеткеніңізді және әлі қанша жүру керектігін толық білетін боласыз, бұл әдетте шексіз жалғаса беруі тиіс процесс, сондықтан тоқтамау өте маңызды. Көптеген психологиялық зерттеулер көрсеткендей, жеке мотивация жете берген сайын өсе береді, сондықтан жетістік пен мотивация кері байланысқа ие.

Жазу процесі – ойды кристаллизациялайды, ал ой, іс-әрекеттер мотиві ретінде қызмет етеді. Есіңізде шығар әрекет үшін әрдайым бір себеп керек. Ал әрекеттің себебі – мотивация. Жазу процесі – сіздің қалаған нәрсеге жетуге деген ұмтылысты күшейтеді. Ол сіздің мақсаттарыңызды еске салады, және сіз жазғандарыңызды қараған сайын, сіз өзіңіздің қалауларыңызды және не үшін оларды қалайтыныңызды есіңізге түсіресіз. Сіз бұл әрекетті орындағаныңыз үшін жақсы марапатқа ие боласыз. Сіз сондай-ақ уақыт пен энергияны үнемдейсіз, өйткені сіз әрқашан қайда болғаныңызды, қайда екеніңізді және қайда бара жатқаныңызды білетін боласыз. Егер сіз кедергілерге тап болсаңыз, сіздің жазбаша жоспарыңыз қайта бағалауға және бағытты қайта өзгертуге көмектеседі.

Мақсатыңыздың қандай пайда беретінін жазыңыз

Фрейд «мақсаттар көңіл тоймаушылық және алаңдаушылық тудырады» деді және нақты мақсаттар қоюға қарсы болды. Ал Виктор Франкел «біз мақсатсыз өмір сүре алмаймыз, өйткені адам табиғатынан мақсат қоюға бағытталған» деген. Екеуі де дұрыс айтты. Адамдардың ең үлкен қателігі – тым жоғары мақсат қою немесе тым тез мақсатқа жете АЛ – амын деп ойлау. Мен мақсатқа тез жете алмайсыз деп айтпаймын. Менің айтқым келгені, егер сіз теннис чемпионы болғыңыз келсе, ең алдымен ракетканы қалай ұстауды және допты тордан асыруды үйренуден бастағаныңыз жақсы болар еді деп ойлаймын.

Мақсат – уәде емес, міндет пен жауапкершілік. Дұға-тілек емес, нақты және анық болашақты көре білу. Және де ең бастысы – біз, бұл армандар бізді табады деп үміттенбейміз, біз оларды өзіміз іздеп табамыз. Сіздің мақсаттарыңыз мида басталмайды, олар сіздің жүрегіңізден басталады. Яғни басқаша айтатын болсақ олар ойлардан емес, ең әуелі сезімдерден (эмоция) басталады. Мақсаттың пайдасы мен нәтижесі сізге түсінікті болмайынша, сіз мақсатыңызға 100% берік бола алмайсыз. Бұл – мақсат қоюдағы ең маңызды қадам. Пайдасы мен шығыны, тиюі мүмкін зияны анықталмаған мақсат, қағазға түспеген мақсат – шала мақсат, жай бос қиял ғана. Шала мақсат үшін адамда шынайы мотивация еш уақытта болмайды. Мотивациясыз өлі нүктеден қозғалу сізге өте қиын болады. Сондықтан да мотиваторларды батыста қатты құрметтейді. Бірақ сіз өз-өзіңізге мотивация беріп үйренуіңіз керек. Ол үшін сіз интернеттен дофаминнің қалай жұмыс істейтінін және «Мотивация и Поощрение» процесінің ақиқатын түсінуіңіз керек. Пайда, табыс, сый, мақтау т.б. жоқ па, мотивация жоқ.

Егер сіз бір жерде жұмыс жасасаңыз немесе біреумен қарым-қатынаста болсаңыз, немесе сіз өзіңіздің өміріңізде бір арман-мақсаттарыңызға жету үшін біраз күш пен уақыт жұмсасаңыз және пайда мен табысқа сенімді болмасаңыз – мотивация болмаса – сізге қажетті шыдамдылық пен табандылықты сақтау өте қиын болады. Егер сіз пайда мен табысқа сенімді болмасаңыз, бір іске толығымен берілу әлдеқайда қиын екенін түсінесіз. Сіздің күш-жігеріңіз бен уақытыңызды алатын пайда мен табысты анық және нақты анықтауға – жазу арқылы жоспар құру көмектеседі. Егер сізге, пайда мен табысты, анық және нақты анықтау мүлдем түсініксіз болса, сіз ештеңеге қол жеткізе алмайсыз, мақсатыңыздың жоғары деңгейін сақтай алмайсыз. Сіз мақсат қойып және ауыр және күрделі жоспарлау бойынша жұмыс жасай бастағанда, нақты мақсатқа жету үшін не қажет екенін түсінуіңіз қажет.

Рейтинг@Mail.ru